Бас парақ > Малға, аңшылыққа қатысты > КҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР

КҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР


6-08-2012, 20:01. Орнатқан: arystan

• Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
• Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
• Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
• Үкі түнде ауыддың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
• Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын-шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса, күн суытады.
• Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
• Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар - Алланың сүйіктісі.
• Тауықтың мезгілсіз шақырғаны - жаман ырым.

Кері қайту