Бас парақ > Малға, аңшылыққа қатысты > АҢШЫЛЫҚҚА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
АҢШЫЛЫҚҚА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР6-08-2012, 20:41. Орнатқан: arystan |
• Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады. • Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі. • Атып алған құланның немесе жабайы ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі. • Дос-жаран, құда-жегжат және туған-туыстан ит алмайды. Араларында түсінбеушілік болып, суысып кетеді. • Ит - жеті қазынаның бірі. Соңдықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі. • Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды. • Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек. • Балықтьң құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді. Кері қайту |