Бас парақ > Киімге қатысты > КИІМГЕ КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
КИІМГЕ КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР6-08-2012, 20:32. Орнатқан: arystan |
• Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады. • Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді. • Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау -жаман ырым. Егер адам оны кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек. • Кір киімді киюге болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн. • Көпшіліктің алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады. • Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады. • Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса ұшып түседі. • Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады. • Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған. • Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады. • Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады. • Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек. • Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды. • Қыз басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ - жаулықтың, қара - қайғының белгісі болып саналады. • Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды. • Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады. Кері қайту |