Бас парақ > Жалпы ырымдар мен тыйымдар > АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР6-08-2012, 20:08. Орнатқан: arystan |
Тыйымдар • Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. • Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады. • Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады. • Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады. • Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бүл - қолы байланған түтқынды еске салатын жаман ырым. • Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады. • Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады. • Тізені қүшақтамайды. Бүл - «Үрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа қүшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді. • Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді. • Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болъш саналады. • Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бүл да әдепсіздік белгісі. • Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады. • Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бүл қол-аяғы байланған түтқынды еске салады. • Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді. • Тандай қағуға болмайды. Үй ішінде тандай қаға беру - жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі. Кері қайту |