Бас парақ > Жалпы ырымдар мен тыйымдар > ЖӨН-ЖОСЫҚ
ЖӨН-ЖОСЫҚ6-08-2012, 20:22. Орнатқан: arystan |
• Жасы кіші болса да әкесі үлкен «Жолы үлкен» болып саналады. Яғни салт –дәстүрде жол, кезек соған беріледі. • Қыз үйдегі келіндерден жоғары отырады. Қыздың ағаларынанда жоғары отыруға хақы бар. Өйткені «Қыздын жолы жінішке» дейді халық. • Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидыке деп саналады немесе сол елдің әжесіне, ел сыйлаған анаға береді. Бесікті отпен аластайды. • Бата беру , ас қайыру қонақтардың намесе ақсақалдардың жолы үлкеннің үлесінде. • Алыстан қонақ келсе, сол үйдің көршісі және ауыл ақсақалдары шақырылады. Сыйластық белгісі осыдан көрінеді. Алыстан келген қонаққа ауылдың үлкен-кішісі сәлем бегуге тиіс. • Үй ге келген кісіге «Кімсің?» демейді, оны төрге шығарып, қонақасы береді. • Туған –туысқанына, еліне келгендер алдымен ауылдын үлкеніне түседі немесе соларға сәлем береді. • Көшіп келе жатқандарға «Көш оң болсын» деп ат жалдатып, дәм-тұз ұсынады. • Байғазы, көрімдік, сүйінші сұрағандарды құр қол қалдырмайды. «Айттық» сұрағандарға айттық беру міндет. • Үйге келген кісіге дәм ауыз тигізеді. Дәм қашанда достыққа, сыйластыққа шақырады. • Үйге келген адам шаруасын тұрып айтпайды, отырып болғаң соң асықпай жеткізеді. • Айпкер айыбын төлеп кешірім сұраса, қарсы жақ кешірім жасауға тиіс. • Олжасын жолдасына ұсынады немесе бөліседі. Аты озып келгендер, күресте жыққан палуандар, женген ақындар алған бәсекесін елдің ақсақалдарына, үлкен шаныраққа байлаған. • Жігіттің ата-анасымен танысуға келген қызға лайықты сый-сияпат ұсынады. • Ауыр қылмыс жасағандар қатаң жазаланады намесе елден қуылады. Олардын артынан жұрт бір уыс топырақ шашады. Бұл- қылмысты қайта болдырмаудың жолы. • Қонақ қондырмау, қонақ шақырмау ұлт дәстүрін силамайтын, жөн-жосықты білмейтіндердің ісі. • Жетім баланын басынан сипау, жетімге көмек беру, қайыршыға садақа ұсыну, біліктілік пен адамгершіліктің белгісі. • Қонаққа домалақ жілік, жамбастын құйымшағы салынбайды. Қазақ ұғымынды бұлар – кәдесіз. Қызға кәрі жілік ұсыну- әбестік. Ұзатылған қыздын күйеуіне төс тартылады. Ақты (сүт, айран,қымыз) жерге төкпейді. Малдың желіні кетеді. • Елшіні өлтірмейді («Елшіге өлім жоқ» деген содан қалған). • Тойға, қуанышқа құр қол бармайды. Той жасағандарға-«Тойхана», «сый-сиапат», мүшелі тойға –«сыйлық», үйлену тойына –«немеурін», құдалыққа –«киіт» апарады. • Көшіп келген отбасына тұрғылықты жұрт «ерулік» береді. Көшкен отбасы коршілеріне «айырылысар көже» береді. • Келген кісіге үй иесі окпесін айтпайды. • Сәрсенбі – сәтті күн. Қазақ игі істерді қызық –қуанышты осы күні бастайды. Сейсенбі-сәтсіз күн. Сапарға шықпайды, іс бастамайды. Бейсенбі, жұма – исламның қасиетті күні. Бұл күні әр адам әруақтарды еске алады, дұға бағыштайды. Кері қайту |