Бас парақ > Жалпы ырымдар мен тыйымдар > КАРУ-ЖАРАҚКА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР

КАРУ-ЖАРАҚКА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР


6-08-2012, 20:21. Орнатқан: arystan


• Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған, оларды қастерлеп, әрқайсысына жеке ат қойған (мысалы: ақберен, наркескен т.б.)
• Садақ пен қылыш - белге, найза қолдың қарына ілінген, айбалта ердің қасына байланып, шоқпар тақымға қыстырылған.
• Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен.

• Ерте кезде қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.
• Батырдың қаруын мұрагері өскенше сақтап, әкеден балаға мирас еткен.
• Батырдың қаруын ешқашан қадірсіз іске қолданбаған.
• Батырларға арналған қарулар сәнді де қымбат тұрған. Сондықтан қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшіліктерге барғанда, лауазым дәрежесін бергеңде, т.б. жайларда бағалы зат ретінде сыйға тартқан.
• Жорық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.
• Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.


Кері қайту