Бас парақ > Тәрбие дәстүрлері > Тілашар
Тілашар26-10-2012, 23:50. Орнатқан: arystan |
Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң медресеге, мектепке окуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі "тілашар" тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, "ғалым бол", "ақын бол" деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.
Кері қайту |