Бас парақ > Отбасы дәстүрлері > Артынан топырақ шашу
Артынан топырақ шашу29-10-2012, 22:06. Орнатқан: arystan |
Халықта ел қатты жек көрген қылмыскерлер мен опасыздарға, қарғыс алғандарға немесе өзі кінәлі бола тұра ел-жұртын кінәлап ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқандарға әбден көңілі қалып, қаны қарайған кездерде көпшілік олардың артынан топырақ шашатын әдеті бар. Бұл — әрі жаза, әрі "қараң батсын" деген қарғыстың, "енді көзге көрінбе" деген аса қатты айыптаудың ауыр сабағы. Мұңдай адамдардың елі атын атамаған, есімін еске алмаған.
Кері қайту |