Бас парақ > Отбасы дәстүрлері > Абысын асы
Абысын асы29-10-2012, 22:03. Орнатқан: arystan |
Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұхсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Дастарханды кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм "абысын асы" деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын."Абысын тату болса ас көп" (мақал)
Кері қайту |