Бас парақ > Отбасы дәстүрлері > Белкөтерер

Белкөтерер


29-10-2012, 20:59. Орнатқан: arystan
Тоқсан көремін деген жасым ба еді,
Быламық ішейін деген асым ба едің —
деп, баяғы қариялар айтқандай жасы жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап "белкөтерер" деген тағам дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді. нәрі мол қазы, сарымай, жент, қымыз, ақ ірімшік, бал тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, көрші-көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарттар батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдарды сыйлаудың, бағып-қағудың үлкен үлгісін көреміз. "Белкөтерер" аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты "Наурыз", "Айт" күндері де үлкендерге әдейі тартылады.
Кері қайту