Бас парақ > Отбасы дәстүрлері > Бұйымтай
Бұйымтай29-10-2012, 20:44. Орнатқан: arystan |
Сыйлас, бастас кісілер әдейі келіп, сәлемдесіп екі-үш күн болғаннан кейін аттануға рұқсат сұрайды. Бұдан кейін үй иесі "бұйымтайымызды" айтыңыз деп сұрайды. Бұл қонақтың қалағаны немесе нендей шаруасы бар екенін білу деген сөз. Қонақ мұндайда келген шаруасын, яғни, "бұйымтайын" айтады. Қонақ сөзін, өтінішін орындау қазақ үшін бұлжымас заң. Оны қолынан келген әр адам өзіне міндет санайды. Әдеп бойынша үйіне келген кісіден үй иесі дастархан жайып, шаруасын сұрап білуі парыз және оның көңілін қалдырмағаны жөн. "Бұйымтай" дегеніміз осы.
Кері қайту |