Бас парақ > Отбасы дәстүрлері > Дәстүр
Дәстүр29-10-2012, 20:30. Орнатқан: arystan |
Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстұр арқылы танылады. Дәстұр — мәдениеттілік белгісі. Дәстұр байлығы — мәдениет байлығы. Ол — ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру, ат тергеу т.б. дәстүрге жатады. Бір таңғаларлық жай қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай.Әдет, ғұрып, ырым бәрі де осы салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақ, тамшылары болып саналады. Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан ұлт дәстүрлерінің заңдылық ережелері бұзылды. Ол арқылы рухани дүниемізге елеулі нұсқан келді. Көпшілігі ұмытылды, немесе тыйым салынды. Мұның соңы әдепсіздік пен берекесіздікке әкеліп соқты. Кері қайту |