Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Итаяғына салу (дәстүр, ырым)
Итаяғына салу (дәстүр, ырым)26-10-2014, 12:07. Орнатқан: arystan |
Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған "итаяғыңа" сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. "Итаяғына салу" деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни "шілде суына" күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз-майрам болып тарасады. Кері қайту |