Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Үй көрсету (дәстүр)
Үй көрсету (дәстүр)26-10-2014, 12:04. Орнатқан: arystan |
Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-көлем, ілік-жекжаттар "үй көрсетуге" (шығыс жақ "отқа шақыру" дейді) яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде-жорасымен барады. Мұны "ілу" дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген мағынада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр. Кері қайту |