Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Жолдық (дәстүр)
Жолдық (дәстүр)26-10-2014, 12:00. Орнатқан: arystan |
"—Қайным, жолдығымды ұмытпа, толымды болсын, — деді жеңгесі Қаным күле сөйлеп" (Ел аузынан). Алғашқы неке түні жігіт пен жас келінді жеке бөлмеге кіргізіп өздеріне төсек салып, алаңсыз, жайлы жатуына жағдай жасайтын әйел әдетте жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт тілеумен бірге, әзіл-қалжыңын араластыра жүріп, алғашқы төсек ләззәтінің жөн-жосығын, әдет-ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы жеңге куәлік береді. Мұңдай сәт әдепті, үлгілі, үлкен-кіші бірдей сыйлайтын, бала-шағалы келіндерге ғана тапсырылады. Бұл — күн жұптық, некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Соңдықтан бұл түнді көңілді әрі жайлы өткізудің орны мүлде бөлек. Бұл үшін барлық өнері мен қабілетін жұмсайтын жақсы жеңге келер таңды асыға күтіп, қайнысының жылы төсектен тұрған сәтін күтіп тұрып, "ерініңді жібіттім, ҚОЙЬІНЫҢДЬІ жылыттым, енді жолдығымды бер" — деп назданады. Жөн білетін қайнысы жеңгесі риза болатындай "жолдығын" беріп, ерлі-зайыптының алғашкы таңын күліп қарсы алады. "Жолдықтың" жолы бөлек. Сондықтан оған аталатын кәде де толымды әрі бағалы болады. Кері қайту |