Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Аушадияр (дәстүр)

Аушадияр (дәстүр)


26-10-2014, 11:17. Орнатқан: arystan
Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Көркем шығармашылықпен айтылатын той көркі, салтанат сәні, өнегелі өнер. Мұны іздеп тауып, өмірге әкелген көп жасағыр жазушы Уахап Қыдырханов екен. Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған.
Аушадияр үйлену тойы үстінде айтылады.
Аушадияр — бір болар, Жаманның көңілі кір болар. Ата-анасын сыйлаған, Ақ шалмалы би болар. Аушадияр — екі дер, Ержеткеннің еркі дер, Омырауы толған он түйме, Қыз баланың көркі дер... Аушадияр — төрт болар, Қыздың қойны өрт болар. Екі жақсы қосылса, Өле-өлгенше серт болар.
Жыр жаңа қосылған жастарға арналады. Мұнда ақыл, үлгі, өнеге, тәлім-тәрбие туралы толғауды санамалап айтудың халықтық таза бай дәстүрі бар. Ұлтымыздың ұлағатты әдет-салтының бұл түрін өмірге енгізетін болсақ мәдени қазынамыз да, өнеріміз де өсе түсер еді.

Кері қайту