Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Күйеу киімі (салт)

Күйеу киімі (салт)


26-10-2014, 10:40. Орнатқан: arystan
"Әкесі — күйеу, шешесі калыңдық болмаған ба?" деп бізді мінейді. Ки! — деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу киімінің бәрін кигізді" (М. Әуезов). Қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетгі түрде "күйеу киімін" киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз-келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл-қалжыңға төзеді. Оның мінген атын "күйеу атымен күл тасы" дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты.


Кері қайту