Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Құйрық-бауыр (салт)

Құйрық-бауыр (салт)


25-10-2014, 23:29. Орнатқан: arystan
"Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе" (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға "құйрық-бауыр" арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел "бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар" деп тілек білдіреді. Одан барлық кұдалар ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі — құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет-ғұрыптар әдетте әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай-ақ осы "Құйрық-бауыр" салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әбілмәжінұлының құдалығында "Құйрық-бауыр" ұсынғанда Қанапия кызы Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті. Ол кұдаларға қарап, былай деп әндетті:

Құда, құда дейсің-ау, әй,
Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.
Құйрық-бауыр жемесең,
Несіне қүда дейсің-ау, әй.
Үлкен кұда, бас кұда,
Кіші құда жас құда.
Құйрық-бауыр әкелдім,
Ауызыңды аш, құда.
Үлкен кұда ардақты-ай,
Кіші құда салмақты-ай.
Құйрық бауыр асатам,
Тістеп алма бармақты-ай.
Үлкен кұда әнекей-ау,
Кіші кұда мінекей-ау.
Құйрык-бауыр асаттым,
Кәделерің кәнекей-ау!

Әр елде, әр ауылда әр салт-дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән-жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады.
Кері қайту