Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Құда тартар (салт).

Құда тартар (салт).


25-10-2014, 23:26. Орнатқан: arystan
Жол-жоралары, салт-дәстүрлері, түрлі ырымдары мен кәде түрлері өте көп. Солардың ішінде қыз алуға келген құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты олар тартатын күлкілі азап одан да көп. Олар "құдаларын құдайындай сыйлай" отырып, "құда тартар" атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл ойын-күлкіге, сауыққа, сынға құрылған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдер бастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Әрине, бұған қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар құдаларды теріс қаратып өгізге мінгізеді, "кірлеп кетіпті ғой" деп өзенге де апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. Не керек жұрт күлетін қиын да, кейде ерсі қимылдарға да барады. Бұған құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе олар да құдағи жағына күш көрсетіп, оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін бір үлкен ойын-сауыққа ұласып кетеді.
Қазақтың құдалық, неке дәстүрін өткен ғасырда П.Маковецкий, Н. Гродеков, Л. Баллюзек, А. Левшин сияқты орыс зиялылары кең зерттеп, тамсана жазған.
Кері қайту