Бас парақ > Отау көтеру дәстүрлері > Бата аяқ (салт).
Бата аяқ (салт).25-10-2014, 23:25. Орнатқан: arystan |
Ұлдың атасы "бата аяқ" деп бір түйе, бір жылқы жібереді. (Ә.Диваев). Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жітіт әкесі қыз ауылына келіп "бата аяқ" өткізеді. Кейде мұны "сырға тағар" деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді "баталасу" дейді. Батаның екі түрі бар: 1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс, келу-кету тағы да басқа. 2. Кесімсіз бата — мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа карай кейін белгіленеді. Ауқатты, елге есімі белгілі адамдар құдалығында бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы деген ірі бағалы кәделер болады. Бас жақсыға — боталы түйе, құлынды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылар жатады. Орта жақсыға — ең жақсы түйе не ат. Аяқ жақсыға ат, сиыр, қой т.б. жатады. Кері қайту |