Бас парақ > Наурыз дәстүрлері > Самарқанның көк тасы
Самарқанның көк тасы25-10-2014, 22:50. Орнатқан: arystan |
Бұл да Наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызда әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Екінші, бүл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе "бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?" деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан. Келгенінше құттықтап бірін-бірі, Қуанышта көрісіп кәрі-жасы. Көңілі түгел адамның сен келген соң, Самарқанның елжіреп түскен тасы. (А. Байтұрсынов). Үшінші, ертеде Наурыз күнінде өз қатесін түсініп, кешірім сұраған қылмыскерлер мен жазаға ұшырағандарға да кешірім жасалатын болған. Осыдан әз Наурыздың қасиеті мен ізгілік пен жақсылыққа бастайтын ерекше күн екені білеміз. Кері қайту |