Бас парақ > Наурыз дәстүрлері > Наурыз күні
Наурыз күні25-10-2014, 22:40. Орнатқан: arystan |
Наурыз — ежелгі мәдениетті дамыған елдің бірі Парсының "нау" - жана. "руз" — күн, яғни, жаңа күн деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар да бұл күн жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың Ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, құрылыс не басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, дауыс көтермейді, әбес сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды. Наурыз — теңдік күні: күн мен түн теңеледі, ұл мен құл теңеледі, қыз бен күн теңеледі. Ұлық пен кішік жанасады. Бай мен жарлы жарасады. Наурыз күні — 22 жұлдызы халықаралық мереке, демалыс күні. Кері қайту |