Бас парақ > Қаза ғұрыптары > Қара жығу (салт).
Қара жығу (салт).25-10-2014, 22:21. Орнатқан: arystan |
"Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, Байсалға берді... Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады". (М.Әуезов). Кісі қайтыс болған күні тігілген қараны жығу салты тағы бар. Ол жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара жалауды алып, сындырады да отқа жағып жібереді. Бұдан кейін жақын-жуықтары, әйелі, балалары, елдің ақсақалдары құран оқып, бата береді. Соңғы жоқтау айтылады. Тұл аударылады. Бұл, қаралы жыл өтті, азалы күндер аяқталды деген сөз. Кері қайту |