Бас парақ > Қаза ғұрыптары > Жерошақ майлау (салт).

Жерошақ майлау (салт).


25-10-2014, 22:19. Орнатқан: arystan
Қайтыс болған белгілі адамдарға ас беру ежелгі дәстүр. Бұған күні бұрын үлкен дайындық, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі, сауын айтылады. Ас болатын күннен бір-екі күн бұрын дайындық жайын тексеріп, қорытындылайтын мәжіліс болады. Бұл үлкен тойдың ақырғы, қорытынды сәті. Бұған арнайы бір мал сойылып, ас алдындағы шағын бір той өткізіледі. Той өткізушілер бірауызды болуға, ел намысын қорғауға шақырып, бәтуаласады. Жерошақ майлау дегеніміз осы.
Кері қайту