Бас парақ > Қаза ғұрыптары > Көрісу (дәстүр).
Көрісу (дәстүр).25-10-2014, 22:09. Орнатқан: arystan |
"Кімдер екенін айырып болар емессің, кезек-кезек келіп, мені құшақтап көрісіп жатыр" (Т. Әбдіков). Ең жақын туыс-туғаңдары, ата-аналары, басқа да сыйлас іліктері қайтыс болған адамдарға артта қалған жақта-жуықтары мен ағайындары (әйелдері) келіп марқұмның жақсы істері мен армандарын айтып жылайды. "Көрісу" деген осы. Олар мұндайда "мені апа деп кім айтар?", "көз қырын салатын еді", "әдейі келіп сәлем беретін еді" деген сияқты арман сөздерін айтады. Көрісуші адамдар үй сыртынан жылап келеді. Мұны "дауыс" — дейді. Алыс-жақыннан жаназаға не көңіл айтуға келген топтың әйелдер қауымы қосылып сөз қоспай бір зарлы әуенмен келеді. Мұны "қара дауыс" дейді. Мұндай дауыс жоқтау кезінде де қолданылады. Еліміздің оңтүстік жағында еркектер де дауыс салып кіреді, ал орталық жақтарда әйелдер ғана дауыс қылып келеді. Кері қайту |