Бас парақ > Қаза ғұрыптары > Қара тігу (салт).

Қара тігу (салт).


25-10-2014, 22:08. Орнатқан: arystan
"... өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті. Сүйіндік жас кісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі кісі өлсе ақ болатынын айтып келді де, "Әжейдей орта жасты кісінің туы — бір жағы ақ, бір жағы қызыл болу керек дегенді айтқан" (М. Әуезов). Кісі өлген үйді бір сөзбен қаралы үй деп те айта береді. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып дұға жасап өтеді. Мұндай үй кісі күтуге де дайын отырады. Жыл бойы жоқтау айтылады. Бұл халықтық рәсім марқұмның жылы өтіп, асы берілгенге дейін жалғасады. Жыл болған соң "түл аудару", "қаралы теңді бұзу", "қара жағу" сияқты ырымдар жасалады.
Кайтыс болған кісінің құрдасы, нағашы-жиендері, іліктері, сыйластары, ауылдастары оның отбасын үйіне арнайы шақырып, дәм береді. Көңіл білдіріп қол ұшын созады. Бата жасайтындар, көңіл айтушылар келетін болса, олармен бірге болып, қаралы үйдің шаруасына араласып, көмек көрсетеді. Қысқаша айтқанда, жаны ашитын адамдар сол үйдің көңіліне қарап, олардың қайғы мұңын жеңілдетуге тырысады. Бұл ата-бабамыздан қалған адамдық жол, әрі тәртіп, бұлжымас заң бүгінге дейін қалпын бұзған жоқ. Қазақ елі, жұрты, азаматтары тұрғанда ол бұзылуға да тиіс емес.

Кері қайту