Бас парақ > Ислам дәстүрлері > Құрбан шалу
Құрбан шалу26-10-2014, 13:56. Орнатқан: arystan |
Құрбанға жарайтын малдар: қой, ешкі, сиыр және түйе. Бұлардан басқа хайуандардан құрбан болмайды. (Ғылымхал). Қой, ешкі сияқты ұсақ малды бір адам, сиыр, түйені жеті адам бірігіп құрбанға шалуына болады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбан шалуға жарамайды. Құрбанға шалынатын малға бата беріледі. "Құрбан қабыл болсын" деу керек. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құран оқылады, тілек, бата беріледі. Түнде кұрбан шалынбайды. Кері қайту |