Бас парақ > Ислам дәстүрлері > Ақтық байлау (ғұрып).
Ақтық байлау (ғұрып).26-10-2014, 13:54. Орнатқан: arystan |
"Ақтық байлау Сарыарқа жерінде кеңінен орын алған екен'' ("Азия транзит" журналынан). Ел ішінде әулиелі, киелі, қасиетті орындарға ақтық байлайтын әдет бар. Осындай жерлерге келген адам таза келіп, таза киініп, дұға оқып, тілек тілеп, матаға түйіп ақша байлайды. Ақшаның аз, көп болуы шарт емес. Тек тілек, ниет түзу болса болғаны. Бұл әдет әулие-әнбиелерді, дінді, ұлт ұғымын сыйлап, құрметтеуден туған ықыласты көңіл. Ақтық байлау Бекет ата, Болған ана, Теректі әулие, Оспан қожа, Домалақ ана сияқты көптеген киелі жерлерде әлі көп кездеседі. Бұл салт-дәстүрді атқарғандарды әулие — әнбиелер де қолдайды. Байланған ақтықтарды жолы түскен кез келген адам "тілегі қабыл болсын" деп дұға оқып алуына құқы бар. Ақтықтан алынған тиын-тебенді теріс іс-әрекетке, жағымсыз жайларға, арақ-шарапқа жұмсауға болмайды. Кері қайту |