Бас парақ > Ислам дәстүрлері > Жан беру (ғұрып)

Жан беру (ғұрып)


26-10-2014, 13:53. Орнатқан: arystan
"Келе жатыр дегенге, Жан берсең де нанбаймын" (Ер Сайын). Кей жерлерде мұны "кепілге шығу" немесе "күмәнға шығу" деп те атайды. Ауыр жазаға не өлім жазасына кесілген адамның ақтығын дәлелдеу үшін бір адам "жан беруге" шығады. Бұл жазаға ілініп тұрған адамның ақтығына ант беру деген сөз. Ол адам би, молдалар алдында кебін яғни ақ киініп, қабыр басына барып (кейде қабыр ішіне түсіп) немесе өлікке құрған шымылдыққа кіріп жазаға тартылған адамның ақтығына "құран ұстап жанымды беремін", "өтірік айтсам құдай тапсын", "иманым бұйырмасын", "аруақ соқсын" деп ант береді. "Жан беру деген осы". Халық ұғымы бойынша жан беруші адам өтірік куәлік берсе, ол сол жерде өліп кетеді деп түсінген. "Жан беруден" кейін істің ақтығына күмән қалмайды. Одан әрі өкім жүрмейді. (А. Байтұрсынов).
Кері қайту