Бас парақ > Ислам дәстүрлері > Құран ұстау (діни ғұрып)
Құран ұстау (діни ғұрып)26-10-2014, 13:49. Орнатқан: arystan |
"Ахметті ат-шапанымен аяғына жығып, енді ондай мінез шығармасқа кұран ұстатып, нан жегізіп, баяғы екі жүз теңгені кештіріп, ат-шапанға разы қылды" (С. Торайғыров). Орынсыз жала жабылғанға өзінің ақтығын дәлелдеу үшін, немесе қылмысын қайталамау үшін, адам қолына мұсылманның қасиетті кітабы құран ұстап "егер осы істе мен кінәлы болсам құран ұрсын" деп ант беріп, нан жейді. Бұл оның кінәсыздығының немесе сертте тұратындығының толық дәлелі. Қарсы жақ адамдары оған сенеді. Кейде одан кешірім де сұрайды. Қазақтың "құран, нан" деп қарғануы осыдан шыққан. Кері қайту |