Бас парақ > Ислам дәстүрлері > Садақа (салт)
Садақа (салт)26-10-2014, 13:46. Орнатқан: arystan |
"Садақаны сауда бер" (мақал). Жетім-жесірге, кәріп-кәсерлерге немесе дін жолына ақшалай, заттай берілетін құдайы. Садақа беруші адам өзінің үй-ішінің амандығына қол жайып бата тілейді және "батаңыз қабыл болсын" деп бет сипайды. Мүсәпірлерге қайыр садақа беру әр мұсылман баласы үшін міндетті болып саналады. "Садақа берсеңдер — құдайға құлшылық етіп, ешқайда шықпайтын, алыстан ешқайда бара алмайтын жоқ-жітікке беріңдер" (Құран кәрім). "Садақа бергеннен пенденің малы кемімейді" (Мұхаммед Пайғамбар)
Кері қайту |