Бас парақ > Ислам дәстүрлері > Табыну (ғұрып)
Табыну (ғұрып)26-10-2014, 13:39. Орнатқан: arystan |
Адам баласында Алла тағалаға, әулие-әнбиеге, тағы басқа киелі тылсым күшке сыйыну мен сенудің және оған берілудің бірнеше жолдары бар. Солардың бірі — табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным-түсінігін, оның құдіретті күшін дәріптейді. Оған өзі де, өзгені де сендіреді, тоқтатады. Қазақтар көбінесе Жаратушы құдіреттен басқа аруаққа табынады. Олардан көмек күтеді, бала тілейді, ауру-сырқауына шипа іздейді. Табынудың ақсарбас айту, тасаттық беру, әулие басына түнеу, мойнына бұршақ салу, құрбандық шалу, қайыр садақа беру тағы басқа жөн-жосықтары мен ырым-тыйымдары, өзгеше көріністері де бар. Бұл дәстүрді ел ішінен әлі де жиі кездестіруге болады.
Кері қайту |