Бас парақ > Еңбек дәстүрлері > Үме (салт)

Үме (салт)


26-10-2014, 12:34. Орнатқан: arystan
"Үмеге келген үндемей қалмайды" (мақал). Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары "бір жеңнен қол шығарып" бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Соның бірі — үме. Әсіресе, қысқы мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге ет асаймыз деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп, өнер көрсетіп, жүрт бір серпіліп қалады. Үме — ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды.
Кері қайту