Бас парақ > Еңбек дәстүрлері > Сабан той (дәстүр)
Сабан той (дәстүр)26-10-2014, 12:32. Орнатқан: arystan |
— Ұлттық салт-дәстүрдің ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыкқа ұрынбай мезгілінде жинап алған ел күзде "сабан той" өткізеді. Әрине, мұнда да кең дастарқан жайылып, ақсақалдар бата береді. Палуан күрес, ойын-сауық түрлері өткізіледі. Не керек, жұрт қауырт жұмыстан кейін кең тыныс алып бір жасап қалады. Жомарттар жұртқа қап-қап "кеусен" беріп, оларды да риза қылады. "Сабан той" — мереке әрі егіншілердің еңбек қортындысы десе де болады. Кері қайту |