Бас парақ > Өтіріқ, cөз, маныс, өзімдікі > ӨЗІМДІКІ, БІРЕУДІКІ
ӨЗІМДІКІ, БІРЕУДІКІ6-08-2012, 15:05. Орнатқан: arystan |
Әркім өз бойына қарап тон пішер. .......................................................... Торғай жаңбыр жауса баласын қорғайды, Бұршақ жауса басын қорғайды. ................................................................. Әркім қолындағысын теке атайды. ................................................................. Өзімдікі дегенде, Өгіз қара күшім бар. Кісінікі дегенде, Анау-мынау ісім бар. ................................................................ Кісідегінің кілті аспанда. ........................................................... Шөмелені шөбім бар деме, Несиені малым бар деме. ............................................................ Әркім өз мұңын айтады. ............................................................. Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды. ............................................................. Білек бір болса да бармақ басқа. ............................................................ Кілем сатсаң аулыңа сат, Бір шетінде өзің де отырарсың. ............................................................. Пішені өртенбегеннің бәрі ақылды. ............................................................. Бұралқы сөз — күлуге жақсы, Бұралқы ат мінуге жақсы. .......................................................... Өзі қылған өкінбейді. ......................................................... Әркім өз қозысын қошқар қояды ......................................................... Өзін ғана ойлаған — Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаган — Адамдықтың белгісі. ........................................................... Бақсының емі өзіне қонбайды. ............................................................. Өзіңді олжалатпай өзгені олжалай алмайсың. .............................................................. Өз етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда. ................................................................... Біреудікі біреуге қыздай көрінеді. ............................................................. Атың болмаса, аяғыңа жалын. Аяғың болмаса, таяғыңа жалын. .................................................................... Шайнаған бұйырған емес, жұтқан бұйырған. .................................................................... Біреудің қолымен от көсеме. ................................................................... Соқырдың қожасы — құлағы, Ақсақтың аяғы — таяғы. ........................................................................ Аурудың зардабын аурудың тақсыретін тартқан біледі. ............................................................................ Кісі аты тершең, Кісі киімі кіршең. ............................................................................. Оң қолым, сол қолым — бәрі өз қолым. ............................................................................... Басқа үйдің жығуын білсем де тігуін білмеймін. .............................................................................. Кері қайту |