Бас парақ > Өтіріқ, cөз, маныс, өзімдікі > СӨЗ, СӨЙЛЕУ
СӨЗ, СӨЙЛЕУ6-08-2012, 15:01. Орнатқан: arystan |
Алмас қылыш майданда серік, Асыл соз майданда да, сайранда да серік. ..................................................... Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы. ....................................................... Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. .................................................. Тіл — көңілдің кілті. .............................................. Көлді жел қозгайды, Ойды сез қозғайды. ............................................... Жанған от тәнді жылытады, Жақсы сөз жанды жылытады. ........................................................ Жауынмен жер көгереді, Батамен ер когереді. ............................................... Бастың көркі — жүз, Жүздің көркі — көз. Ауыз көркі — тіл, Тілдің көркі — сөз. ....................................................... Батырды шешен аттан түсіріпті. ................................................... Айтылған сөз — атылған оқ. .................................................... Тіс — тілдің қамалы. .............................................. Піл күшті, Піл күшті емес, тіл күшті. ................................................ Басқа пөле тілден. .................................................... Қотыр қолдан жұғады. Пэлс тілден жұғады. ............................................... Қиыстырып каласаң отың жанар, Қиыстырып айтсаң халық нанар. ................................................... Ми ойлағанды тіл тындырады. ................................................... Соз — сабан, іс — дэн. ................................................... Сауатсыздыц сөзіне сұрініп күларсың. ............................................... Жыланның уы — тісінде, Адамның уы — тілінде. ............................................... Артық сөйле, кем сөйле, Таразылап тең сөйле. ................................................ Үзын шапан аяғыңа оралады, Үзын тіл мойыныңа оралады. ................................................ Таудай создің тарыдай түйіні бар. .................................................. Өнер алды — қызыл тіл. .............................................. Жаман сөз жылатады, Жақсы сөз жүбатады. ............................................... Тау мен тасты су бүзар, Адамзатты сөз бүзар. .............................................. Жақсы сөз — жарым ырыс. ............................................ Көңіл көзін сөз ашар. Сөйлемесе кір басар. .............................................. Құлаққа кірген суық сөз — Көңліңе барып мұз болар. .............................................. Жаман сөз — жанға кірген тікең. ................................................. Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі Жаман сойлесе, аузынаң жын төгіледі. ..................................................... Көз жетпеген жерге сөз жетеді. ................................................... Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді. ........................................................ Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме. ........................................................... Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. ............................................................ Шешілмеген шиені Тырнак шешпес, тіл шешер. .......................................................... Пышақтың өткірі жақсы, Сездің қысқасы жақсы. ............................................... Орынсыз сөз — өзіңе тиер. .................................................. Сөзің қысқа болсын, Қолың ұста болсын. .................................................. Ердің озіне қарама, сөзіне қара. ................................................ Оттың шаласы жаман, Сөздің аласы жаман. ............................................. Аузың айтқанды қолмен істе. ................................................ Өткен күн оралмас, Құнды сөз жоғалмас. .............................................. Сөз сүйектен етеді, Таяқ еттен өтеді. ............................................... Сойылдың жарасы бітер, Тіл жарасы бітпес. ............................................ Оймақтай ауыздан оттан бетер сөз шығады. ................................................. Сүрай-сұрай Мекені де табады. ........................................................ Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады. ......................................................... Тіл ерді қабырға салады, Нарды қазанға салады. .................................................... Қаһарлы сөз қамал бұзар. .................................................... Олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді. ..................................................... Сөз шынды табар. ................................................. Отыз тістен шыққан соз, Отыз рулы елге тарайды. ..................................................... Сөз сөзден туады, Сөйлемесе қайдан туады. ..................................................... Көз көргенше ауыз батыр, сөйлеп қал. ......................................................... Жылы киім тәнді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар. ............................................... Тәуекел тас жарады, Жаман сөз бас жарады. .............................................. «Қарағым» деген жылы сөз Тон болып тонді жылытпаса да, жанды жылытады. ...................................................... Тіл буынсыз, ой түпсіз. .................................................... Жаманның берген асынан жақсының айтқан сөзі артық. ........................................................ Жақсының сөзі — жырмен тең. ......................................................... Сөз бергенге ерме, боз бергенге ер: Сөз бейнет болар, боз койлек болар. ................................................................ Көзі жаманның — сөзі жаман. ............................................................. Тауып сөйлесең — күміссің, Таппай сөйлесең — мыссың. ................................................................. Жүйелі сөз — жүйееін табар, Жүйесіз сөз — иесін табар. .................................................................... Жақсы сөз — жан азығы. .................................................................... Ойнап сейлесең де, ойлап сөйле. ................................................................... Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы. ..................................................................... Ішімдегінің бәрі тілімде, Тілімдегінің бәрі түрімде. ..................................................................... Бұралқы сөз — күлуге жақсы. ................................................................. Жер астында жатқанды, Қазбай қарап тіл табар. .............................................................. Піл көтермегенді тіл көтереді. ........................................................... Тілмен тікен де алады. .............................................................. Сөзбен сөзді жуады, Сабынмен бөзді жуады. ................................................................ Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді. ................................................................ Қышыған жерден қол кетпес Қышытқы жерден сөз кетпес ................................................................. Жыланның тілі айыр, Жылан мінезді адамның сөзі айыр. ............................................................... Жаным десе жан семіреді. ............................................................... Жаман сөз — жанға кірген тікен, Жақсы сөз — таптырмайтын ем. ............................................................... Ең тәтті де — тіл, Ең ащы да — тіл. ................................................................ Ең жұмсақ та — тіл, Ең қатты да — тіл. .......................................................... Тіл — тиексіз. ............................................................... Ауыр істің салмағы білекке түсер, Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер. ............................................................... Ескі киімнің биті ащы, Жетім баланың тілі ащы ............................... Кері қайту |