Бас парақ > Өтіріқ, cөз, маныс, өзімдікі > ӨТІРІК ПЕН ШЫНДЫҚ

ӨТІРІК ПЕН ШЫНДЫҚ


6-08-2012, 14:57. Орнатқан: arystan
Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді,
Шындық жок жерде шіреніп, шайқап жүреді.
...................................................................
Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындық артык.
...............................................................
Шындық жоқ жерде сұмдык көп.
............................................................
Өзінін қисықтығын білмеген өзгепің түзулігін білмеійді.
..............................................................
Өсекші мен өтірікші — егіз.
.................................................
Ащы сұрақка тұщы жауап күтпес.
.............................................................
Көрген көзіме сенемін бе,
Сенің айтқан сөзіңе сенемін бе.
.........................................................
Шын бір сөз, етірік мың сөз.
.......................................................
Өзі өтірікші өзгенің шын сөзіне сенбейді.
.........................................................
Итке төсек не керек,
Естіге өсек ие керек.
.............................................
Шындык камал бүзар.
...........................................
Шындықтың шырагы сөнбейді.
.......................................................
Хан сырын білгеннің, қаны төгіледі.
......................................................
Қаланың жаңалыгын даладағы ел бұрын естиді.
...............................................................
Шындықтан зор палуан жоқ:
Ол жауды да жығады,
Қамалды да бұзады.
...................................................
Атқан жерде оқ қалар.
...................................................
Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.
...................................................
Коп қайда болса, шындық сонда.
................................................
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.
.....................................................
Әуелгі сөзің рас болса, соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.
..........................................................
Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің.
...........................................................
Әділет тілесе, атаңның да болса айыбын айт.
...........................................................
Шынымен жыласа, соқыр көзден жас шығар.
...............................................................
Таң атпайын десе де күн қоймайды,
Өтірікті қуалай шын қоймайды.
.........................................................
Өтірікші кісі уәдешіл келеді,
Оңбаіітын кісі өсекке ереді,
........................................................
Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ.
.......................................................
Өтірікшінің шын сөзі зая.
.......................................................
Жалғанға жалқау нанады.
Жә болмаса аңқау нанады.
...................................................
Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады.
..........................................................
Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.
...................................................
Өтірік айтып жағынғанша,
Шыныңды айтып жалын.
......................................................
Өтірік айткан жерде көп тұрма.
.....................................................
Ер өтірік айтпайды-
Ел өтірік айтады.
...............................................
Өтірік сөз өрге баспас.
...............................................
Сыр айтканға сенбе.
Шын айтқанға сен.
...............................................................
Отіріктің өзіне нанба, кисынына нан.
.....................................................
Өзің әділ болмасаң, өзгеден әділдік іздеме.
.............................................................
Қателескеннен қатені түземеген жаман.
....................................................
Ақылды өтірік шаршатады.
....................................................
Адалдық—ана сүті.
.....................................................
Шын сөз абақтыдан да шығарады.
.............................................................
Түійспі көпір астына жасыра алмайсың.
..................................................................
Алдына келсе атанның күнын кешір.
...........................................
Көз кормей, көңлім сенбес.
..........................................................
Ағын су жолын табады.
Ақ адам оңын табады.
.................................................
Ак сөз ащы болады.
............................................
Аталы сөзге арсыз ғана токтамайды.
........................................................
Сын түзелмей, мін түзелмес.
.......................................................
Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.
...................................................
Біреу әзіл айтса, сен әділ айт.
.....................................................
Сор сараңнан шығады,
Өтірік арамнан шығады.
.................................................
Коңілдегі сырды көз білдіреді.
.................................................
Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке ізіңмен барады.
...................................................
Өтіріктің шиесін шын шешеді.
.....................................................
Саудагерде иман жоқ — арын сатады,
Өтірікшіде иман жоқ — жанын сатады.
.......................................................
Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
........................................
Періштенің айтуымен ойлағаны болады.
....................................................
Күлақ не естісе, ауыз соны айтады.
......................................................
Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.
....................................................
Соқыр көзіне сенбеійді, қолымен көреді.
.......................................................
Жақсы болсаң жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
..................................................
Дерексіз сөз — нанымсыз.
.....................................................
Ауыз ашса, сыр көрінеді.
Есік ашса төр корінеді.
.......................................
Аталы сөз атан түйеге татиды.
............................................
Өтірікші алдымен өзің алдар.
.............................................
Аузында сөзі тұрмастың,
Бір жерде өзі тұрмас.
....................................
Жатқа сырынды айтпа,
Өзіңе өтірік айтпа.
.........................................
Өтіріктің қүійрығы бірақ тұтам.
.........................................
Жақсыға айтқан тура сөз —
Жасақ тіккен тумен тең.
Жаманға айтқан тура сөз —
Күмға төккен сумен тең.
.....................................................

Тентек отты тебем деп,
Аяғын күйдіреді.
Ділмәр шындықты жеңем деп,
Тілін күйдіреді.
...................................................
Жылап айтқан шынга нанбайды,
Күліп аійтқан өтірікке нанады.
.........................................................
Ойлап айтса да онындағысын айтады.

Кері қайту