Бас парақ > Сақтық, өмір, дің, қайырымдыдық > ӨМІР МЕН ӨЛІМ, ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АУРУ ТУРАЛЫ
ӨМІР МЕН ӨЛІМ, ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АУРУ ТУРАЛЫ6-08-2012, 10:53. Орнатқан: arystan |
Денсаулық — зор байлық. .................................................. Жарлының байлығы — денінің саулығы. ............................................. Ауру атаңды да шөктірер. ................................................ Ауру кірді — әлек кірді. .............................................. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады. ........................................... Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес. ............................................ Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады. ............................................... Ауруын жасырған өледі. .......................................... Батыр бір оқтық, Бай бір жұттық. ..................................... Ағын судың арамдығы жоқ. .............................................. Бас ауырса жан қорқады. .............................................. ҚАЙ жерің ауырса, Жаның сол жерінде. .......................................... Жұғын бар жерде— шыбын бар, Шыбын бар жерде — шығын бар. .................................................. Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені. .............................................. Жан аурса – тән аурады, Қайғы болса – жан азады. ..................................... Өліспеген көріседі. ........................................ Батырдың басы екеу болмайды. ..................................... Сәтін салған ауруға, Не болса, сол ем болады. ....................................... Тәні саудың жаны сау. .............................................. Өлімнен басқаның бәріне асық. ............................................. Қасқырдың ойлағаны арамдық, Қойдың ойлағаны — амандық. ................................................. Мысықтың өлімі — тышқанға той. ............................................... Тәуіптің жақсысы — ауруға ауру ............................................. Мың ұжмақтан — бір күн тірлік. ........................................... Ластың досы — шыбын. .......................................... Қасапшыға мал қайғы, Қара ешкіге жан қайғы. .......................................... Көңіл жақсы болғаны — Өмір жақсы болғаны. ........................................ Өтпейтін өмір жоқ, Сынбайтын темір жоқ. ......................................... Өлім байдың малын шашады, Жоқтың артын ашады. .......................................... Өткен қайтып оралмас, Өлген қайтып келмес. ........................................... Жылағанмен өлген кісі тірілмейді. ................................................... Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса жан тәтті. .................................................. Кебін киген келмейді, Кебенек киген келеді. ............................................. Өлім жайлы көп айтса, Тірінің берекесі кетеді. ............................................ Тумақ барда өлмек бар. ............................................. Өзен ағысын бөгеуге болады, Өмір ағысын бөгеуге болмайды. ............................................. Балық жаны суда. .......................................... Ажал ажарға қарамайды. ............................................. Емнің алды — еңбек. ............................................ Арық атқа қамшы ауыр. ............................................. Өлімнен басқаның ертесі жақсы. ............................................ Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде. ............................................. Тазалық — саулық негізі, Саулық — байлық негізі. ............................................... Ауру желмен келіп, термен шығады. ............................................ Сырқат — тән жарасы, Қайғы — жан жарасы. ........................................... Аман болса бұл басым, Тағы шығар бұл шашым. ............................................... Азған денеге ауру үйір. .............................................. Денің сау болса, Жарлымын деме. Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме. ........................................ Қайғы қартайтады, Қуаныш марқайтады. .......................................... Ұйқы — тыйықтырады, Жұмыс — шынықтырады. ............................................. Өмір озады, ажар тозады. ............................................ Көп жасап, күміс болғанша, Аз жасап, алтын бол. ................................................. Тыста ұзақ жүргенің — Ұзақ өмір сүргенің. .......................................... Басы аманның малы түгел. ............................................. Бірге тумақ болса да, Бірге өлмек жоқ. ........................................ Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды. .............................................. Көзің ауырса қолыңды тый. Ішің ауырса тамағыңды тый. ................................................ Жорғаның қадірін желгенде біледі, Жақсының қадірін өлгенде біледі. ................................................. Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды. ................................................ Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ. ........................................ Өлім деген — ұзақ жолдың алысы. ........................................ Арымақ, семірмек көңілден. ................................................... Кері қайту |