Бас парақ > Қонақжайлық, әр түрлі > ҚОНАҚ, ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ
ҚОНАҚ, ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ6-08-2012, 14:48. Орнатқан: arystan |
Конақ келсе құт келер. ............................................. Қонак койдан да жуас. Май берсең де жей береді. ................................................... Қонақ аз отырып, коп сынайды. ....................................................... Қонағым, жүре тоярсың. ................................................ Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың. .............................................. Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз. ................................................... Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал. .................................................... Құтты қонаққа — тәтті тамақ. .................................................... Жақсы болса алғаның, Үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның, Шын досың да шеттейді. ................................................... Қонағын сыйламаған баласын ұрады, Я үйін сыпырады. ........................................ Қүтты қонақ келсе, қой егіз табады. ......................................................, Атың барда жер таны, Асың барда ел таны. .......................................... Қонақ бір күн қонса — құт, Екі күн қонса — жұт. ......................................... Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың. ......................................................... Қонағын сыйласа төрге шық дейді. ......................................................... Жолаушының азығы жолында. .............................................. Жаяу қонақ тыныш ұйықтар. ................................................ Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым. ................................................ Сыпайының итіне кет дегенің — өзіңе кет дегенің. ............................................... Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр. .................................................... Бұрынғы қонақ соңғы қонақңа орын берер. .................................................. Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ. ...................................................... Сыйлы қонақ босағада отырмайды. ..................................................... Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес. ...................................................... Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ. .......................................................... Тоқ қонақты сыйлау оңай. ........................................................... Жаман үйдің қонағы билейді ................................................... Жолаушыны сусындатпай тұрып бұйымтайын сұрама ....................................................... От жағылмаған үй — қора, Кісі келмеген үй — мола. ....................................................... Екі үйдің қонағы Емексіп жүріп аш қалар. ....................................................... Кұс жеткен жеріне қонар, Қонақ калаған уйіне қонар. .................................................... Келгенше қонақ ұялады, Келген соң үй иесі ұялады. ................................................ Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер ................................................ Сойса қозы өледі, соймаса өзі өледі. .......................................................... Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін. ....................................................... Итті қонақ жараспас. .................................................. Қонагыңның алтынын алма, алғысын ал. .................................................... Сыйларға асың болмаса, Сыйпарға тілің болсын. ................................................... Сыпайы қонақ сыйынды жейді, Мылжың қонақ мыйынды жейді. ......................................................... Үй-іші толған жансың, Бір-біріне мейман жансың. .................................................. Кері қайту |