Бас парақ > Отан, халық, адам, батырлық > АДАМ ТУРАЛЫ
АДАМ ТУРАЛЫ6-08-2012, 10:29. Орнатқан: arystan |
Адам деген ардақты ат. ......................................... Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ. ........................................ Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап. ................................. Еңбек — адамның көркі, Адам заманның көркі. ............................. Біреу, біреуге сүйеу. .............................. Адамды алдау — Арыңның алдында қылмыс, Ағаны алдау — Анаңның алдында қылмыс. .................................. Талабы жоқ жас — Қанаты жоқ құс. ................................... Ормансыз жер — жалаңаш Армансыз ер — жалаңаш. .................................. Аузына келгенді сөйлеу - наданның ісі, Аузына түскенді жеу - хайуанның ісі. ........................................... Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер. .................................. Адам тастай берік, Гүлдей нәзік. ............................... Адам жүрген жермен адам жүреді, Біреу білмегенді біреу біледі. .............................. Адамның күні адаммен. ............................. Адам бір-біріне қонақ. ............................ Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта. ................................. Адам қайғысы — заман қайғысы. ..................................... Күйесіз қазан жоқ, Қайғысыз адам жоқ. ..................................... Жасық адам жасына жетпей қартаяр, Асыл адам жасына жетпей марқаяр. ....................................... Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жерде — соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады. ...................................... Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды. ...................................... Тойсыз күнін болсада Ойсыз күнін болмасын. ................................... Бөрі арықтығын білдірмес Аш қарынын томпайтар ................................. Әркімнің өзі шығар биігі бар. .................................... Адамына қарай сәлемі. .............................. Адамның сырты алдамшы. ................................... Адамға адам жат емес. ................................ Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем. ................................. Адам болып туған соң, Адам болып өлу лазым. ............................... Жаңылмас жақ болмас, Сүрінбес тұяқ болмас. ............................ Адам ұйымшыл, Мал үйіршіл. ....................... Бейтаныс кісі — Бітеу жаңғақ. ....................... Иттен ит туады боғын жеген Қасқырдан қасқыр туады қойын жеген ................................. Қағазға тіл бітірген — қалам, Жансызға жан бітірген — адам. ...................................... Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас. ........................... Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында. ........................ Адам көркі шүберек, Ағаш көркі жапырақ. ........................ Адам ойға тоймас, Бөрі қойға тоймас. ........................ Дүниеде тас қатты, Тастан да бас қатты. ......................... Болатын бала он бесінде «баспын» дейді Болмайтын бала жиырма бесте «жаспын» дейді ............................................. Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде. .................................. Темір сырын отта танытады, Адам сырын жоқта танытады. .................................. Болар елдің баласы той үстінде ой табар. .................................. Тойсыз күнін болсада Ойсыз күнін болмасын. ................................ Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. ............................ Кері қайту |