Бас парақ > Достық, бірлік, ағайын, еңбек > ЕҢБЕК, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ
ЕҢБЕК, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ6-08-2012, 12:07. Орнатқан: arystan |
Ер дәулеті — еңбек. .................................... Құс қонбаған қол жетім, Ел қонбаған жер жетім. ............................... Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ. ............................................. Қойшыны таяғы асырайды, Қасқырды аяғы асырайды. ............................................ Атан түйе жүк астында қартаяр. ............................................. Түйір нан — тамшы тер. ........................................... Жері байдың— елі бай. ......................................... Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді. .......................................... Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар. ......................................... Малды тапқанға бақтыр, Отынды алғанға жақтыр. ............................................ Еңбексіз тапқан мал, Есепсіз кеткен мал. ............................................ Берген алар, еккен орар. ........................................... Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ЕЛ оңбас. ........................................ Күн шыққан соң суарған суды Күн жұтады. Күн батқан соң суырған суды Жер жұтады. ..................................... Бір тал кессең, он тал ек. ............................................. Мал семіз болса, төл егіз. Жер семіз болса, дән егіз. ................................................... Еңбексіз өмір — сөнген көмір. .................................................... Жер құтты болса, Мал сүтті болады. ............................................. Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді. ........................................... Қыста малыңды бақ, Жазда шөбіңді шап. ......................................... Жаңбырмен жер көгерер, Еңбекпен ер көгерер. ........................................ Ақ қар көп болса — ақ нан көп. ........................................ Қолы қимылдаған адамға Кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға Алыстық жоқ. ......................................... Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді. ........................................... Жылай-жылай арық қазсаң, Күле-күле су ішерсің. ............................................ Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің. ......................................... Еңбегіне қарай өнбегі. ............................................ Жер тоймай, ел тоймайды. ............................................. Келген дәулет, Кеткен бейнет. ......................................... Қой шелді болмай, Төлді болмайды. ................................ Маңдайы терлемегеннің, Қазаны қайнамайды. ........................................ Ерте тұрған әйелдің Бір ісі артық, Ерте тұрған еркектің Ырысы артық .............................................. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. ............................................... Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. ................................. Еге білсең, егін тасқа да бітеді. ................................... Етікшіні балға мен біз асырайды. Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды. ....................................... Бәйгеден ат келмейді, бап келеді. ......................................... Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі. ......................................... Мал баққанға бітеді. ....................................... Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады. .................................. Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды. ........................................ Жер — ана, Ел — бала. ........................................ Ердің атын еңбек ШЫҒАРАДЫ. ..................................... Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер. ....................................... Бақыт КІЛТІ еңбекте. .......................................... Жер көнді жақсы көреді, Ат жемді жақсы көреді. ........................................... Кім еңбек етсе - сол тоқ. .......................................... Көп еңбегі көңілді. ..................................... Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді. ........................................ Отырған жерден отын кескен. ....................................................... Сүйіп істеген іс шаршатпайды. ................................................... Жұмысы жемістінің— өмірі келісті. ................................................... Су патшасы - мұрап, Түн патшасы - шырақ. ......................................... Егін піспей,қам сайла. ............................................ Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра. ..................................... Байлықтың атасы - еңбек, анасы — жер. ........................................... Жақсы жұмыс - жанға тыныс. ........................................... Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал — елге ырыс. ........................................... Еңбек — ширатады, Өмір үйретеді. ....................................... Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді. .................................................. Есесі қайтқан еңбек — игі. ........................................... Еңбек патшалықты асырайды. ........................................... Еңбек шаһар түзетеді, Еңбексіздік оны жүдетеді. ........................................... Еңбек өмірді ажарлайды. .......................................... Еңбек адамның екінші анасы. ............................................... Жалқаулық аздырады, Еңбек оздырады. .............................................. Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кетірер. ................................................. Терең құдықтың суы тәтті .......................................... Қой семізі қойшыдан. .......................................... Кедейлік кетсін десең, еңбек ет, Молшылық жетсін десең, еңбек ет. ............................................... Жақсы бастама — істің жартысы. .................................. Мал баққандікі, Жер жыртқандікі. ...................................... Қазанға не салсаң, Шөмішіңе сол ілінер. ......................................... Адал еңбек елге жеткізер, Арам қулық елден кеткізер. ............................................. Тек жүргенше тегін істе. ..................................... Көз қорқақ, қол батыр. ................................... Бай мейірінен күн мейірі. ............................................. Мақтаның анасы — жер, атасы — су. ........................................... Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады. ........................................... Қызметте туыстық болмайды. .......................................... Көктемде жерге түскен бір дән, Күзді күні мың дән болады. .............................................. Жер байлықтың көзі, Еңбеккер иесінің өзі. ............................................ Еңбек пен бақыт — егіз. ........................................... Су ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі. .......................................... Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет. ....................................... Қара жер қарыз арқаламайды. ......................................... Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас. ............................................... Малды баға білмеген пайданы таба білмейді. ................................................. Қолыма жұмыс бергенің — жаныма тыныс бергенің. ................................................. Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің. ............................................ Тігіншіні инесі асырайды. ............................................ Ерінбей еңбек етсең — ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең — иегің тасқа тиеді. ............................................. Қора оңды болса, қойың коңды болар. .............................................. Ащы еңбектен тәтті нан. .................................................. Тары болса, тауық табылады. ............................................ Сөз қуған бәлеге жолығар, Шаруа қуған қазынага жолығар. .................................................... Жаман іс жоқ, жаман ісші бар. ................................................... Екпіндінің үйі көрікті келеді. ................................................... Еңбек етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің. ..................................................... Жеріне қарай астығы. .......................................... Жерің отты болса, малың сүтті болады. .............................................. Малды іріктемесең, тұқымы азады, Қонысты жаңартпасаң, өрісі азады. ............................................ Малдың тамағына қара,малшының табағына қара. .................................................. Жер тойынбай, ел тойынбайды. ........................................... Диқан бабаның кетпенінен, Шопан атаның таяғынан. ................................................. Кері қайту |