Бас парақ > Аңқаулық, бақыт, ұрпақ, мейірімділік > ҰРЛЫҚ
ҰРЛЫҚ6-08-2012, 12:34. Орнатқан: arystan |
Түйені түгімен, атты жүгімен. ........................................... Ұрлык, ұрлық түбі қорлық. ............................................. Түйе ұрлаған да — ұры, Түйме ұрлаған да - ұры. ......................................... Ұрыны қарақшы ұрады ........................................ Ұры - қасық, ел—теңіз ........................................... Ұрының қатыны өзіне лайық. ........................................... Ұры жете алмайтын жаяудікін алады. Сұрай алмайтын таяудікін алады .............................................. Бөрі көмеді, түлкі ашады. ............................................... Бөрі азығы мен ұры азығы жолында. ................................................... Ұры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды. ............................................... Ұры өле-өлгенше ақпын дейді. .................................................. Ұры қосыларда Бірінің аузын бірі жалайды, Ал айрыларда — Ит болып таласады. ............................................. Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды. ............................................... Көкек өз атын өзі шақырады. ................................................. Атақты ұры аштан өлер. ............................................... Ұры бүлікке құмар, Шыбын шірікке құмар. ........................................... Аңғырт бөрі қой үркітеді, Абайсыз ұры қолға түседі. ........................................ Түлкінің қызылдығы — өзінің соры. ......................................... Сұқ семірмес, ұры байымас. .......................................... Қуға қу намазшамда кездесер. .............................................. Көп жортқан түлкі терісін алдырар. ............................................... Жапалаққа күннен түн жарық. .............................................. Ұры басқаның малын жейді, өзінің арын жейді. ................................................ Ұрының үйі көп: біреуінен алады, біреуіне береді. ............................................. Ақылды ұры өз ауылынан ұрламас. ............................................ Адам тілінен жазады, Ұры ізінен жазады. ..................................... Ұры бір түнде — бай, Бір күнде — кедей. ........................................ Қасқыр қарызын терісімен төлейді. ...................................... Ұры түн асқанша, Бөрі қыр асқанша. ........................................ Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан. ......................................... Қасқыр мен ұры мінездес: Екеуі де түнді аңдиды. Бұлбұл меп гүл мінездес: Екеуі де күнді аңдиды. ..................................... Арамдық қып ішкен ас, Ішіңе барып болар тас. ............................................. Түлкіні түн асырайды. ...................................... ҚОНАҚ келсе - құт, Қарақшы келсе — жұт ................................................. Кері қайту |