Бас парақ > Бекершілік-Ақылдық, ата, ана, жалғыздық > ЖАЛҒЫЗДЫҚ, СҮЙЕНІШ, КӨМЕК

ЖАЛҒЫЗДЫҚ, СҮЙЕНІШ, КӨМЕК


6-08-2012, 11:47. Орнатқан: arystan
Қанша жуан болса да
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт би болмас.
.................................
Ер қанаты — ат.
................................
Жақсы ит — иесінің көз-құлағы.
.........................................
Жалғыз қаздың үні шықпас,
Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
....................................
Жалгыз иттің үргені білінбес,
Жалгыз кісінің жүргені білінбес.
....................................
Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
....................................
Жалғыз кісі жауынгер емес.
................................
Жаяудың шаңы шықпас.
................................
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз бие саба болмас.
...............................
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
.............................
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.
................................................
Үйірінен айрылған малды қасқыр жейді.
...........................................
Ит — адамның құлағы.
...........................
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
...............................
Желген атқа жел жаңғырық.
.................................
Құдай жалғыз, мен жалғыз.
................................
Сүйеушісі бар болса, сүйек жұтса да қақалмайды.
..........................................................
Өз қотырымды өзіме қасытты.
..................................
«Әйт-шуу» деген атанға демеу,
«Әуп» деген ерге демеу
...................................
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
............................
Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастайды,
Жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.
.........................................................
Саяк жүрсең таяқ жерсің.
...............................
Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір Ісі өнбейді.
..............................
Жанашыры жоқ адам
Жал-құйрықсыз атпен тең.
................................
Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын
................................................

Кері қайту