Бас парақ > Әдет, ас, ашушуандық, әкімгершілік > ӘКІМГЕРШІЛІК, КҮШТІЛІК
ӘКІМГЕРШІЛІК, КҮШТІЛІК6-08-2012, 10:07. Орнатқан: arystan |
Тасты тас қозғалтады. .................................................. Нар жолында жүк қалмас. ................................................ Ит жүйрігін түлкі сүймес. ................................................. Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды. .................................................. Екі қошқардың басы бір қазанға симас. ................................................. Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер. .................................................. Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде. ................................................... Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар. ................................................... Екі нар сүйкенсе, арасында шыбын өлер. ................................................. Тышқанның тәңірі — мысық. .............................................. Кішкентай тастан, қауақтай бас жарылады. ............................................... Жүйрік ат — бірде ат, бірде қанат. ............................................. Аты семіздің — жолы тегіс. ............................................. Ергежейліге есектен биік көлік жоқ. ............................................ Алмасты алмас кеседі. ............................................... Қолы ұзын сүйгенін алады, Қолы қысқа тигенін алады. ............................................... Ит жеңгенін талайды. ............................................. Әлсіз әр уақытта айыпты ......................................... Атты ақысын жаяуға жібермейді .......................................... Түсіңе сенбе, күшіңе сен. ............................................ Теңіз кешкенге өзен сирағынан да келмейді. ............................................ Жұмсам — жұдырығымда, Ашсам — алақанымда. ............................................ Күштінің қолы ұзын. .......................................... Қашса құтылатын, қуса жетеді. ............................................. Қасқыр қартайса да бір қойға күші келеді. .............................................. Киіз кімдікі болса, білек соныкі ................................................ Екі тұйғын жабылса, қаздың соры. ............................................... Түйе өлген жерде жүк қалар. .................................................. Әр нәрсе сынарда өзінен мықтыға жолығады. .............................................. Күш атасын танымайды. ............................................... Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді. ............................................... Екі қылыш бір қынапқа сыймайды ................................................ Кері қайту |