Бас парақ > Тәкәппарлық, үйлену, арман, бейбітшілік > ҮЙЛЕНУ, ҮЙ БОЛУ, ҚАТЫН-ЕРКЕК

ҮЙЛЕНУ, ҮЙ БОЛУ, ҚАТЫН-ЕРКЕК


6-08-2012, 13:36. Орнатқан: arystan
Әйел — үйдің көркі,
Еркек — түздің көркі.
..........................................
Қатыны жоқ үй — жетім.
....................................
Үйірі басқаны ноқта қосады,
Атасы басқаны неке қосады.
................................................
Семья сәні — сыйластық,
Достық сәні — қимастық.
............................................
Жақсы қатын жарының жақсысын асырар,
Жаманын жасырар.
.........................................
Екі жарты - бір бүтін.
..................................
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады.
........................................
Азапсыз махаббат - арзан махаббат.
.......................................
Қатын алсаң отын ал,
Бір құшағын артық ал.
..............................................
Жақсы әйел — ырыс,
Жаман әйел — ұрыс.
..........................................
Әйел сырын әйелден сұра.
...........................................
Қатыны өлген мен байы өлген қосылса —
Күндіз екеу, түнде төртеу.
..........................................
Екі қатын алыпсың,
Бір пәлеге қалыпсың.
...........................................
Сиырды жақсы көрсеткен
Артындағы танасы,
Әйелді жақсы көрсеткен
Қасындағы баласы.
.........................................
Ауылдасың жақсы болса,
Ағайының не керек.
Алған жарың жақсы болса,
Айтың, тойың не керек.
...........................................
Алғаның жаман болса — қонағың кетеді,
Ұлың жаман болса — бақытың кетеді.
..........................................
Әйел жерден шыққан жоқ,
О да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел оның анасы.
.........................................
Ата-анадан жар жақын.
........................................
Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ.
.........................................
Ерге жаққан әйел, елге де жағады.
.......................................
Аяғын көріп асын іш,
Анасын көріп қызын ал.
..........................................
Ердің атын не аты шығарар, не жары шығарар
........................................
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.
.........................................
Қымызды кім ішпес,
Қызды кім айттырмас.
...........................................
Келіннің бетін кім бұрын ашса, сол ыстық.
..........................................
Әркім сүйгенінің құлы.
..................................
Атың жебір болса, құдайдың бергені,
Қатының жебір болса, құдайдың ұрғаны.
..........................................
Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.
.....................................
Үйің жаман болса, күйің жаман.
.........................................
Сүйгеніңді іздесең, жел оңынан тұрады.
............................................
Төркіні жақын келіннің төсегі жиналмас.
............................................
Келін жаман емес, келген жері жаман.
......................................
Ай мінбей атыңды мақтама,
Жыл тұрмай қатыныңды мақтама.
...........................................
Орта жолда атың өлмесін
Орта жаста қатының өлмесін.
........................................
Таңдаған тазға жолығады.
............................................
Бірінші байлық денсаулық,
Екіші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық.
.............................................
Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар,
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
...........................................
Әйел жомарттық қылғанда, еркек сараңдық қылғаны өлім.
.............................................
Кәрі қыз ер таңдамайды,
Өлген адам жер таңдамайды.
.............................................
Екі қатын алғанның
Құлағы тынбас,
Есекке мінгеннің
Аяғы тынбас.
............................
Әйелдің ақылы — көркінде,
Еркектің көркі — ақылында.
......................................
Білімді әйел басыңа қарайды,
Білімсіз әйел жасыңа қарайды.
........................................
Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.
...........................................
Бойдақ жігіт жұрт күйеуі.
.........................................
Жақсы қатын жүн қарыз алады,
Жаман қатын су карыз алады.
.........................................
Салақ қатынның үйінен
Сабақты ине табылмас.
...........................................
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас.
.......................................
Түйе тұзға келеді,
Күйеу қызға келеді.
........................................
Жалқау қатынның төсегі
Тал түске дейін жиналмас.
..........................................
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
...........................................
Отыз ұлың болғанша,
Осырақ шалың болсын.
..........................................
Теңін тапса, тегін бер.
............................................
Ердің асылы күшінен білінеді,
Қатынның асылы ісінен білінеді.
.........................................
Баланы жастан, әйелді бастан.
..........................................
Көне етіктіге бармай жүр,
Көк етікті алмай жүр.
..........................................
Өзің сүйгенді алғанша, өзіңді сүйгенді ал.
..........................................
Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.
.......................................
Ердің жақсысы елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.
.....................................................
Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.
...................................................
Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен отырар.
..............................................
Жақсы әйел – жігітке біткен бақ,
..........................................
Жақсы жер, жайлы қоныс – алтын тақ.
.................................................
Әйел ақылсыз, бақа көріксіз.
...................................................
Әйел сергек ұйықтаса жұмыс бітеді.
.............................................
Жақсы әйел үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.
........................................

Қатын алма, қайын ал.
...................................
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті інім деуге болмас па.
.......................................................................
Қатын ер қасында, қараша хан қасында.
................................................................
Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.
.............................................
Қатын жарығы ермен.
..................................
Қатындарға жалшы айғыр.
...........................................
Қапыдан қатын ақыл табады.
...........................................
Алты қатын асқа барса, әрқайсысы мұңын айтар.
.....................................................
Қатыны көп болса шөмішті ит әкетеді.
...............................................
Қашқан жауға қатын би.
...................................
Айлас қатын мұңдас.
.....................................
Бір қатынның айласы қырық есекке жүк болған.
.......................................
Жақсы қатын ерге сеп.
.......................................
Қатын өлді, қамшының сабы сынды.
.....................................................
Қатын қатты келеді, еркек затты келеді.
.......................................................
Ерін баққан қатын елін де бағады.
.........................................
Жақсы қатын зейнет,
Жаман қатын бейнет.
.....................................
Қатының тентек болса қамшың жуан болсын.
................................................
Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде.
..........................................................
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.
.....................................................
Жақсы қатын – ырыс,
Жаман қатын – ұрыс.
....................................
Бәйбіше құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы.
.....................................
Бірліктен бездіретін де - әйел,
Сұмдықты сездіретін де - әйел.
.........................................
Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.
.....................................................
Еркек дауысты әйелде ұят болмас,
Қатын дауысты еркекте қуат болмас.
........................................................
Жақсы әйел жаман еркекті еркек етеді,
Жаман еркек жақсы әйелді келсап етеді.
Жаман әйел жақсы еркекті ез қылады,
Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады.
........................................................
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
..............................................
Еркек - түздің көркі,
Әйел - үйдің көркі.
...........................................
Ер – бас, қатын – мойын.
.........................................
Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен отырар.
...........................................
Ерлі-қатын ұрысар да керісер, керісер де келісер.
.................................................
Ерлі-қатын тату болса шырағы жанар,
Ерлі-қатын араз болса өмірден көңілі қалар.
.......................................................
Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
......................................................
Әйел жомарттық қылғанда,
Еркек намарттық қылғаны өлім.
....................................................
Өз жарыңды жаттай күт - жат көрсін де түңілсін.
Бір-біріңді қадір тұт - жұрт үлгі алсын,үңілсін.
.........................................................
Ері әйелін сыйласа - ердің бақыт тапқаны,
Ерін елі сыйласа - әйел бақыт тапқаны.
.......................................................
Жақсы әйел жаман еркекке біткен бақ,
Жақсы жер, алтын қоныс - алтын тақ.
......................................................
Жақсы әйел жаман ерін хан қылады,
Жаман әйел жақсы ерін даң қылады.
.......................................................
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
..............................................
Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді.
..........................................
Әйелге қырыңды білдіртсең де сырыңды білдірме.
................................
Еркекке жүрек керек.
Қатынға тірек керек.
............................



Кері қайту