Бас парақ > Қазақ айтады > ҚАЗАҚ АЙТАДЫ
ҚАЗАҚ АЙТАДЫ23-12-2012, 19:52. Орнатқан: arystan |
Әкемнің өлетінін білсем, тірісінде бір уыс талқанға сатып жіберер едім. Әр істі пайдаға асыру, ысырап қылмау деген мағынада ................................................................ Балалық шағыңды сағынсаң нағашыларыңа бар - басыңнан сипамай жібермес. Жігіт кезіңді аңсасаң қайынжұртыңды арала - қалжыңын сенен аямас. Азаматтығыңды сынағың келсе ағайын арасында бол - мініңді айтпай тұра алмас ............................................................................... Қыздың шашын қырыққаны - етегi жаман тексiзден, Қыздың орамал жыртқаны - шешесi жаман бетсiзден .............................................................................. Жалпак шеше боламын деп, жаулығынды кірлетпе. Жалпак елге жағамын деп, атынды терлетпе. .......................................................... Жумыскерді жалдап үйрет Катынға талдап үйрет. Баланы алдап үйрет. .......................................... Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет. ............................................ Жиырмаға жеткен қыз кәрi болар, Өңi кетiп шырайы сары болар, Ер елуге жетсе де айыбы жоқ, Әр уақытта бiреудiң "байы" болар. ............................................ Дуниенін туткасы - еркекте, Кілті - айелде, Сыры – данада, Кызығы - балада. ............................... Асықты асық деме, салмағы бар болса, сақа болар Баланы бала деме, ақылы бар болса, аға болар. .................................................. Тектіден қыз алсаң ошағың сөнбейді, жиынның ішінде сөзіңді бөлмейді. ................................................... Айтпасаң сөздің атасы өледі. ......................................... Барыңда - батып іш Жоғыңда - сатып іш ............................ Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қәдірін не білсін! Қырда жүрген дуадақ Су қадырін не білсін! Ауылдағы жамандар Ел қадірін не білсін! Көшіп-қонып көрмеген Жер қадірін не білсін! Көшсе, қона білмеген, Қонса, көше білмеген, Ақылыңа көнбеген, Жұрт қадірін не білсін! /Асан Қайғы/ ................................. Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе, Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе. ...................................... Ағасы бардың жақсы болса - жағасы бар, Жаман болса - інісіне жабар жаласы бар. Інісі бардың жақсы болса - тынысы бар, Жаман болса - ағасына берер жұмысы бар. Баласы бардың жақсы болса - панасы бар, Жаман болса - құдайдың берген пәлесі бар. /Байдалы шешен/ ............................................. Ақша: "Бәрін ұмыт та, мені тап!" - дейді Уақыт: "Бәрін ұмыт та, маған ер!" - дейді Болашақ: "Бәрін ұмыт та, мен үшін күрес!" - дейді Ал құдіреті күшті Аллаһ Тағала жай ғана: "Мені еске ал! Саған барлығын беремін!" - дейді ............................................... Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. ................................................. Жолға шықсаң, шабанға кіріптар қылмасын. Жолдас болсаң, наданға кіріптар қылмасын. ................................................ Құйрық-жалы төгілген қара торы биеден Жаратып мінер ат туар. Етек-жеңі кең келген парасатты әйелден Ел басқарар ұл туар! ................................... Қалай сыйдым жөргекке, Сыймай барам жер көкке ................................... Иттің басын алтын табаққа салсаң, шоршып түседі! .......................................... Қыран құс қисық ұшып түзу iлер. ....................................... Дуниеде: Ен кымбат-омiр. Ен асылы-ана. Ен ащысы -олiм. Ен керегi-бiлiм. Ен киыны-кайгы. Ен жуйрiгi-ой. Ен жiнiшкесi-конiл. Ен ыстыгы- махаббат. ....................................... Мына сөзім қатынға, Құлағың сал жақында. Біссімілләсіз ұстасаң, Береке болмас асыңда. Ашылса шашың бұрқырап, Періште тұрмас қасыңда. /Акыт кажы/ ...................................... Өсекші өтірік айтпайды, қақас естіиді. ...................................... Арақ барда арын ашық, аузын сасык, аруағын қашық екенің біл. ........................................... Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз. ......................................... Қасқырдан ішігі бар кісі жолдасының тоңғанын білмес. ............................................... Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды. ........................................... Қыз өсірдім- бой жетті, еріне кетті, Ұл өсірдім-ер жетті, үйіне кетті.. ........................................... "Кімнің бай болғысы келмейді - құдайы қаламайды, Кімнің батыр болғысы келмейді - жүрегі дауаламайды" ...................................................... Дуние деген жалғанға, Ей адамзат алданба. Сени тастап қашады, Көрге жақын барғанда... ................................... Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда, қапы қалып журмейік .......................................... Пам, пам, парарам............. Колхоз ат берсе, мен де көкпар шаба алам. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары колхоз құрылған уақытта шыққан сөз. «Қолымда қаражат болса, жұрттың істегенін істейтін едім»- деген мағынада. ........................................................ Жаман байталға жабуын жап та құлынын ал. Жаман қатын туып берсе болды да –деген мағынада. Тағдырға көну. ......................................................... Бұл не деген батпан құйрық... Айдалада жатқан құйрық? Бекерден бекер жатқан дүние жоқ деген мағынада. ............................................................ Сен базарда болдың ба? Сен өмірді білдің бе? Қазақтар базарға үлкен мән берген: базарда болған адам – көпті көрген деп саналған. ............................................. Қой! Өлсек, жұмыстан өлейік, бірақ бір патефон алайық! ХХ ғасырдың 30-шы жылдары колхоздар құрылған уақытта шыққан сөз. Социалистік жарыс жеңімпаздарына сыйға патефон берілетін болған. Ал бір патефон ол кезде – бір ауылдың көркі. «Біз де бір жетістікке жетейік»- деген мағынада айтылады. ......................................................... Қыз кезінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан шығады? Әлгіге дейін түсініксіздік туындырып жүрген сұрақ. ....................................................... Қазы –қарта тәттілігін қойса, Мен оларды жеуді қоятын едім. Қазы-қартаны жатып жейтін қазақтардың ұраны. ................................................... Ақ ит, қара ит Бәрі бір ит Бәрібір, немқұрайдылық туралы .................................................. Болары болып, Бояуы сіңіп қалды Ештеңені өзгерте алмайсың ...................................... Қонағым көрсін, Жұртым жесін. Бір қонақты күтем деп бір ауыл тойып қалады – деген мағынада. ...................................... Әшейінде ауыз жаппас, «Айт!»- дегенде өлең таппас. ............................................... Тоқсан менің сүрейін деген жасым ба еді, Быламық менің ішейін деген асым ба еді. Быламық - қартайған адамдарға берілетін, шайнамай жұтатын ұннан істелінген тамақ. Өмір бойы ет жеген қазаққа ол біріншіден психологиялық түрде ауыр соғады. Қариялық, тағдыр көну туралы ой түйгенде айтылады. ................................................ Қазақы бала-бала емес, Армиядан хабар ал. Ауылдан шықпаған қазақ баласы өмірді көрмеген деп саналады. Әскерге барып көпшілікпен араласып, жер көріп, ел көріп адам болады ......................................... Атам өлсе, үйде той болады. Адамнын балалық түсінігі туралы айтылады .......................................... Барымтадан келген жылқының басын айырғандай. Ертеде барымтадан айдап келген малды қарақшылар оңды-солды өзара бөлген. Дүниені әділетсіз бөлуде, санамай ысырап кылған кезде айтылады ......................................... Бөрінің ауызы жесе де қан, Жемесе де қан Репутация туралы ...................................... Бір қатынның қырсықтығы қырық есекке жүк болыпты. Қатындардың қырсықтығы аңыз болып кеткен ................................................. Жақсы қатын - иманың Долы қатынға ұйленсен түсінесін. ......................................... Баяғы жартас –сол жартас Жылжымайды, сынбайды Ешқандай өзгеріс жоқ –деген мағынада .................................................... Жабулы қазан сол жабулы күйінде қалсын. Өткенді қозғама – деген мағынада .................................................................. Емшек берген ары жатар, Көтін берген бері жатар. Өмір сүре келе еркектерге қасындағы төсектес жары ақ сүт беріп өсірген анасынан жақын болып кеткен жағдайда айтылатын сөз. ........................................ Е, Құдайым ! Бала бер! Бала берсең, сана бер. Санасы жоқ баланы, Жиып алып ала бер! Ата –ананың тілегі. Ақымақ, қарабет, күйдіргі балаларына ренжіген адамдар айтады. ........................................ Қыз жыламаса, Бала сұрамаса. Ата –ананың тілегі. Ата-анаға балалары өзімен-өзі болса, ол да - бір бақыт. ........................... Боларыңда болып өт, Боз жорғадай желіп өт. Болмасыңды білген соң, Болған ердің жанына өт. Қолыннаң іс келмесе, қолынан іс келетін адамның жанында бол. Өркөкіректерге айтылған сөз. ......................................... Қатынға жолама – қарасы жұғады, Қызға жолама - бәлесі жұғады Бес мың жыл бұрын тасқа қашалып түсірілген жазудан үзінді .................................................... Қасқыр талаған көтіңді Иттен несін аяйсын? Тәуекелге бару. «Бұдан да қиын сәттер басыңнан өткен еді ғой!» -деген мағынада. ...................................... Қара қытай қаптағанда Орыспен жылап көрісесің. Ақырзаманның бір белгісі - жер бетін қара қытай қаптайды (Самарқанның тасына қарақытай отырғанда –ақырзаман болады). Үйреншікті орыстар жақсы –деген мағынада. ............................................ Орыспен дос болсаң, жаңында айбалтаң болсын. Сақтықты білдіреді. Авторлары: Абылайхан, Кенесарыхан т.б. ата-бабаларымыз. ................................................................................. Тоқты қошқар саулыққа жарамайды. Жастық қылады – деген мағынада. Тоқты 1-2 жасар-еркек қой, саулық 5-6 жасар туған ұрғашы қой. ............................................................. Қашқан жауға қатын би. Шешілген мәселеден соң билікке әркім ие болып кететіні туралы. .......................................... Малға қарамасаң - мал өледі, Қатынға қарамасаң – қатын лағып кетеді. Еркек өз ісіне де, отбасына да пысық болуы тиісті. .................................................................... Сен бастықсын - мен ақымақпын, Мен бастықпын - сен ақымақсын Алма кезек дүние туралы айтылған сөз ...................................................... Паровозға орысша сыбырламасаң жүрмейді. Арыс қаласының «фирмалық» мақалы. 100 жылдан астам бұрын осы жерге темір жол техникасы келгенде «паравоздың тілін тек орыстар біледі»-деген ұғымда айтылған сөз. Құдайға шүкір! Қазір, орыстар кетіп қалса да, «паравоздар» қазақтардың сыбырлауымен жүріп жатыр. ........................................................................... Бай көрді (қызды) – бақ келді. Қыз бақуатты жерге барса бақытты болады-деген ұғымда айтылған сөз. ................................................... Кілем сатсаң ауылға сат, Бір шетіне өзің отырарсың. ............................................ Бір қатын сыйлаумен қатын, Бір қатын қинаумен қатын. Нағыз қатын, сол қатын - Әр нәрсені ойлаумен қатын. Қатының жақсы болса, Көңілді жықпас. Ыңғайын біліп, Сөзіңнен шықпас. Ақымағына жолықсаң, Өз бойына мін тақпас. Жұмсақ сөйлесең, Жеңемін деп, Мылтық жасап атсаң да бұқпас. Қатын алсаң таспа белді торыны ал, Ол болмаса, аққұбаның зорын ал. Бұл екеуі болмаса, қажымайтын қараны ал. Бұл үшеуі болмаса, Жүзі сары, көзі көк, Былшылдаған сөзі көп, Соған жолығарсың. ........................................ Қатындардың бәрін жамандайын десем, ішінде сүйікті әжем де кетіп қалатын түрі бар. Жалпы көпшілікке топырақ шашуға болмайды-деген мағынада .................................................................. Бәйгеге барсаң астындағы атыңнан безесің, Тойға барсаң қасындағы қатыныңнан безесің Ең жақсы дүниелерді салыстырмалы түрде көпшілік жиналған жерде көресің деген мағынада. .......................................................................... Үлкен бастық үлкен нардай. Онын ойында болсаң да, көзінде болма: жақындап кетсе түкірігі тиіп кетуі мүмкін. Нар -улкен түйе ............................................................. Шаруаға кетпен керек Ақынға қалам керек. Осыған абай болайық, ағайын Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Ыбырай Жақаевтің сөзі. .................................................... Аштан өлген өзбектің қалтасынан бір тандыр нан табасың. Өзбектердің артық дүние жинайтынына қазақтардың қызығып айтқан сөзі. ....................................................... Қазақ Меккеге бара жатса, татар Меккеден қайтып келе жатыр екен. Татарлардың пысықтығына қарап, қазақтың өз бостығы туралы айтылған сөз ........................................... Қашамын деген киік еді, Көтіне таяқ тиіп еді Тұрақсыздықты білдіретін сөз ........................................... Тауыққа тентек қораз, Қатынға жуас еркек ұнайды. ........................................... Иттің боғы дәрі болса, Дарияға барып тышады. Адам әлдеқандай болғанда айтылатын сөз. .......................................... Мақтаған қыз тойда осырады ....................................... Көріп алған сулудан Тандап алған текті артық ..................................... Қария бір қыздан сұрапты: - Қызым! не елден боласын? - Өзімде білмей тұрмын!- депті әлгі қыз. ............................................................ Дінде жүріп дос ізде, Дұшпан өзі – ақ табылар. ................................... Атка ауыздық ие. Келінге жаулық ие, Шалға сакал ие, Сөзге мақал ие. ............................. Ымға түсінбеген Дымға түсінбейді Нұрсұлтан Назарбаевтың орыстар қатысатын жиналыстарда қазақтарға айтатын сүйікті сөзі ....................... Еркегін қызғанған әйелден без Құдығын қызғанған еркектен без ......................................... Жетектеген тазы түлкі алмайды ............................................ Құрдасын болмаса тойға барма .................................................. Кәрі қыз ұл тапса қоярға жер таппайды ........................................................ Ет -етке, сорпа -бетке, картошка мен капуста - көтке ................................... Туып алмай ұл болмас Сатып алмай құл болмас ....................................... Эй, қазақ! Қосарың барма?
Кері қайту |