Бас парақ > XIX ғасыр > БЕКШЕ ШЕШЕН
БЕКШЕ ШЕШЕН4-08-2012, 13:45. Орнатқан: arystan |
Бекше шешен бірде Саққұлақ бидің қасына ермей, үйінде жатып алады. Би елдің дау-дамайын онсыз бітіру қиынға соғатын болған соң,бәйбішесіне: «Кедейдің бір тойғаны шала байығаны» демеуші ме еді, сыбаға жіберіп шақыртшы депті. Бидің Нұрлы деген баласы шешенді шақыра келіп қоржын басын берген соң, әкелген ең тәуір мүшесі қойдың жауырыны екен. Шешеннің жұбайы түсте апыл-ғұпыл қайнатып, қонақтың алдына табақты жылы шыраймен әкеп қояды. Сонда Бекше шешен мырзаға күлімсірей мойын бұрып: Байқаңыз еттің азын жауырыннан, Бар болса кім аяйды бауырынан, Жоқтық шіркін адамға не істетпейді Бұ дағы келіпті өз ауылыңнан. Мынасы сүр ме десем, сірі екен ғой, Дүниеге көзі тоймай, өле қоймай, Бірі көрде, бірі елде жүр екен ғой,- дейді. Бетінен оты шығып құлағына дейін қызарған Нұрлы мырза өз шешесінің қараулығына іштей қатты налып, тек аттанарда ғана шешенді әкесі әдейі шақыртқанын айтады. Сонда Бекше тебірене тіл безеп: Мен Сақекеңнің Бекшесі едім, Сақтаулы алтын текшесі едім, Бұ күнде кісі жіберіп шақыратын Етігінің өкшесі болыппын ба? Керексінсе өзі келсін,- депті. Сөз шымбайына батқан азулы би Саққұлақ кешікпей өзі келіп айыбына шапан жауып Бекшені ертіп әкеткен екен. Кері қайту |