Бас парақ > XVIII ғасыр > ТІЛЕНШІ БИ
ТІЛЕНШІ БИ25-10-2014, 16:01. Орнатқан: arystan |
Тілінші – Қаз дауысты Қазбектің немересі. Ел аузында Тіленшінің жас кезіндегі ер Жәнібекпен сөз қағыстырулары, Асаубаймен айтысы сияқты әңгімелері қалған. Тегінде Тіленші – әкесі Бекболаттың, атасы Қаз дауысты Қазбектің, бабасы Келдібек бидің қасиеті дарыған аруақты жан. ............................................................................................................................................ ТІЛЕНШІ МЕН ЖӘНІБЕК Дау-шарда Тіленші биден жеңіле берген Қуандық, Сүйіндік елі Тіленшіні шақыртып алдырады. Тіленші би келіп кірген үйде Жәнібек би басын біреуге салып, аяғын біреуге салып, жатыр екен. Ол кіріп келген Тіленші биді көрмеген болып жата беріпті.Тіленшінің жас, албырт кезі екен, ол да аңдаусызда: «О, тәйір басын біреуге, бөксесін біреуге артып жатқан бұл қай кісі? депті. Сонда Жәнібек би басын көтеріп: - Әй, мынау қай ұл? – дейді. Қасындағылардың бірі: - Бекболат бидің баласы –Тіленші би ғой, - депті. Тіленші тоқалдан туғандықтан, Жәнібек би осыны Тілншіге ілік етпек болып: - «Ата көоген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген екен, ей, Тіленші, көргеніңді айтшы, - дей салыпты. Сонда Тіленші: - Менің арғы атам Қазыбек би, бергі атам Бекболат болса, мен қандай болар едім?- дегенде Жәнібек: - Мен, Бекдәулеттің баласы – отандықағаштан, ұолға үстауға жарайтын мүсіндік оұ дағы! Бұл Тіленші – жақсыдан эаман туған боқ дағы! – депті. Осы сөздің есесін қалай қайтаруды ойлап жүрген Тіленші би Жәнібек бидің қартайған шағында кездесіп: - Сен бір жапаңға біткен шынарсың, Қазаң жетіп сынарсың, Жалғыз ағаш сынған сон, Орныңды қайдан іздеп табармын, Ойға-қырға шабармын, Мен бір қалын қара тоғаймың, Табылуға оңаймын. –деп, Тіленші өзінің жақсы бала өсіргенін айтып, Жәнібекті бір мұқатқан екен. .................................................................................................................... Асаубай Тіленші бимен айтысқа түседі. Ол сөзді алғаш бастап, Тіленші биге: Тоғайға бұққан танадай, Жан-жағана қарамай, Жапалақша жалпимай, Қарақұсша қалқимай, Жолсыз жерге жанаспай, Тұр, орнымды бер, талтаймай,- депті. Тіленші іркілместен былай депті: Уа,мен де сендей Терезем теңдей Сен әлі тірі жұр ме едің,Әкенше сүтке күйіп өлмей. Арғын адасып кеткен, Қыпшақ қыдырып кеткен, Керейім кентке ие болған, Сауғаны мыңдаған бие болған. Қарадан шығып Есенейім Халыққа таң болған. Бекентайым дұшпанға Қалқан болған. Сонда Асаубай айтыпты: Уа, сенің күлейін дегенің Қарлық, Кедейлік пайғамбардан қалған жарлық, Әкемнің кедейлікке көнбеймін деп, Сүтке күйіп өлгені нарлық, Арғын адасып кеткен дейсің, Кыпшақ қыдырып кеткен дейсің, Аспанда арғын емес пе? Жұлдыздай қыпшақ емес пе? Қойдай Керей, қозыдай Уақ емес пе? Арғынның бір тайпа елін Аралап көрсең, Ішінде ақ патшадай Жігіттері бар емес пе?! Асаубай шешн осы қақтығыста Тіленші биден сөзден тосылғаннан кейін мойындаған көрінеді. Шыныда Асаубай Тіленшіден өзгеге қызыл сөзді дес бермеген жүйрік ақын болған. Кері қайту |