Бас парақ > XVIII ғасыр > ТЕМІРҒАЛИ ШЕШЕННІҢ ЖҰБАТУЫ

ТЕМІРҒАЛИ ШЕШЕННІҢ ЖҰБАТУЫ


25-10-2014, 15:59. Орнатқан: arystan

Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали деген шешеннің айтқан жұбату сөзі:
- Жақсыға жаман – кесір, жақсысы кетсе – жесір. Табында жақсы болса, пайдасы тиер, елінде тентек болса, найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң, халқың сүйер. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәмінді алыстан жазса, бармасқа басында ерік болмас. Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен-өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр, арқан ар емес, қайратпен оны сүйретпеген жігіт нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпестей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, еш нәрсе ойламаңыз.

Кері қайту