Бас парақ > XVIII ғасыр > ТАЙКЕЛТІР ШЕШЕН

ТАЙКЕЛТІР ШЕШЕН


25-10-2014, 15:57. Орнатқан: arystan
Тайкелтірдің әкесі – Айдабол би. Ел аузында Тайкелтірге би атағын тапқырлығына, өткірлігіне, туралығына, разы болған Төле би беріпті деген аңыз бар.
..........................................................................................................................................
Тоқалдан туған бала Тайкелтірді бәйбішедег туған бес ағасы жеті жасынан қозының , кейіннен қойдың, түйенің соңына салып қояды да, үнемі кемдікте ұстайды.
Күндердің күнінде Тайкелтірдіңбір тайлағы жоғалып, оны іздеп Шу бойын сүзіп жүріп, кездейсоқ жерден Төле бидің үйіне келіп, бала былай деп сәлем береді:
- Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумсалам, балам, жоғары шық! Кімнің баласысың?
- Айдаболдың баласымын.
- Атың кім?
- Тайкелтір.
- Апырай, ә! Айдабол сынды адамның баласына тәуір ат таба алмағандай, болмаған атты қойғаны несі екен?
- Ата , әкем атымды жақсы ұл балса, атаға атақ-абырой, ат келтірсін, жаман болса, тай ғана келтірсін деп қойған ғой, - депті.
Тайкелтірдің бұл сөзі Төле биге ұнап:
- Үйімеқонып, әкеңнің сыбағысын жеп кет, - дейді. Мұны төрде отырған ақсақалдар қызғанып, баланы қаңқұлайды, малға бата қыл дегенде, бала татынбай, тақырлықпен былай дейді:
- Сыбағама келді құлын,
Қалдырмай ас дымын.
Ақсақалдар тойынсын,
Шығармасын үнін.
Бала деп мені басынбай,
Байқап бассын жымын,
Құртқа жас қашан да азық,
Сіздерге бұл құлын – сиым.
......................................................
Таукелтір он бір жасында әкесінің әділ билікк айтпағанына заразылық білдіріп, былай дейді:
Қара шашың ағында,
Өлеріңнің шағында,
Әділ төре айтсаңыз,
Халқың сіздің жағында.
Әділдіктен кетсеніз,
Босқа билер қағында,
Би қағынса көпшілік
Қағады бастан бағын да,
Жау санасып келмейді,
Алар бір күні жаныңды.
Көтерілсе көпшілік,
Отқа жағар тағыңды.
Құмырсқаға жем етіп
Идеуге тастар тәніңді.
................................................
Күндердің күнінде Тайкелтір атақты Төле бимен кездеседі. Қасында жүріп оның талай снынан өтеді, талай рет дау-шардыбітіруге араласады. Бала Тайкелтірдің тапқырлығына, әділ билігіне риза болған Төле би оған өз аузынан:
- Еңді бұдан былай сенің атың Тайкелтір би болсын, - деп лебіз етеді.
Содан бастап ел ішіне атақ, абыройы тарап, әділ би атаныпты.


Кері қайту